Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне «Қарақия барысына» іріктеу жарысына ауданның әр ауылынан 18 жастан асқан, салмақ дәрежесі 90 кг-дан жоғары 8 палуан қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың қорытындысы бойынша І орынға Құрық ауылының спортшысы Марат Бекбатыров ие болды, ІІ орынды жетібайлық Нұрлан Қайыпбергенов иеленіп, ал ІІІ орын Азат Батырбаевқа бұйырды.
Палуандарды аудан басшысы Сымбат Төретаев құттықтап, алдағы облыстық кезеңге сәттілік тіледі.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы мадақтама қағазымен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, іріктеуден 1 және 2 орын алған палуандарға облыстық кезеңге жолдама берілді. Облыстық кезең 8 маусым күні Ақтау қаласында өтеді.